І. Иммундық-ферменттік талдау (ИФТ) принциптеріне негізделген иммундық-хроматография әдісімен жедел тестілеу
1. Жалпы ережелер
1. COVID-19-ға жедел тестілеу SARS-CoV-2 коронавирусына IgG/IgM сыныпты антиденелерді анықтай отырып, иммундық-ферменттік талдау (ИФТ) принциптеріне негізделген иммундық-хроматография әдісімен орындалады.
2. SARS-CoV-2 коронавирусына IgG/IgM сыныпты антиденелерді анықтауға арналған материал капилляр қанының сынамасы болып табылады.
3. COVID-19-ға жедел тестілеуге жататын адамдар (анамнезінде ағымдағы жылғы ақпаннан бастап суық тию ауруымен ауырып сауыққан адамдар):
1) теміржол көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдар, жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер, сондай-ақ транзиттік жүргізушілер;
2) COVID‑19 таралуының алдын алу бойынша іс-шараларға тартылған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері (Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық гвардия, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Кеден қызметі, әкімдіктердің қызметкерлері және басқалар);
3) карантиндік өңірлердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың (коммуналдық қызметтің, тамақ өнімдерін, дәрі-дәрмектерді сататын сауда объектілерінің, жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану объектілерінің, көлік, ПМК, дезинфекция қызметтерін көрсететін объектілердің қызметкерлері және т.б.) қызметкерлері;
4) медициналық ұйым басшысының тізімі бойынша ауыр созылмалы ауруына байланысты жедел амбулаториялық консультацияға мұқтаж пациенттер, сондай-ақ шұғыл көрсетілімдер бойынша емдеуге жатқызылған пациенттер;
5) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес.
4. Жедел тестілеу үшін пациенттер сәйкестендіру деректерін, тіркеу жүйесінде денсаулық жағдайына шағымдарды көрсетіле отырып, ЭДСРО АЖ-да тіркеу рәсімінен өтеді немесе медицина қызметкері өз бетінше ЭДСРО АЖ-ға енгізеді.
5. ЭДСРО АЖ-дан деректерді талдауды және өңдеуді ҚДСҰО жүргізеді және осы Алгоритмнің3 және 4-тармақтарын ескере отырып, кейіннен материалды алу пункттері бойынша бөліп, тестілеу өткізілетін орны, күні туралы ақпараттандыра отырып, жедел тестілеуге жататын адамдардың тізімін жасайды.
6. Жедел тестілеу:
1) стационарда төсек жанында тестілеу кезінде (POСT);
2) арнайы бөлінген және жабдықталған автомобильдерде;
3) жедел медициналық көмек бригадалары немесе үйге жылжымалы мобильді бригадалар;
4) арнайы палаткаларда немесе мобильді сынама пункттерінде (АП немесе мобБАП);
5) автомобиль және теміржол өткізу жолдарында (өткізу пункттерінде);
6) осы зерттеуді ғана орындайтын арнайы бөлінген және жарақтандырылған биоматериалдарды алу пункттерінде орындалады.
7. Медицина персоналына өз бетінше тестілеуге рұқсат етіледі.
8. Биоматериалдың сынамасын алуды оқытылған медицина қызметкері ЖҚҚ (медициналық маска, қалпақшалар, бір рет қолданылатын қолғаптар, қажет болған жағдайда бетті қорғауға арналған экрандар немесе көзілдірік, таза, стерильді емес, бір рет қолданылатын ылғалға төзімді халат) пайдалана отырып жүзеге асырады.
9. Биоматериал сынамасын алуға және тестілеу өткізуге арналған құрал-саймандар мен материалдар:
1) капилляр қанын алуға арналған бір рет қолданылатын стерильді тамшуырды және буферлік ерітіндіні қамтитын жедел тест;
2) спиртті сулықтар;
3) бір рет қолданылатын скарификатор.
10. Ауысымда биоматериалды бірінші алу алдында БАП медперсоналы қолғаптардан басқа ЖҚҚ киеді, қолды бекітілген қол жуу алгоритміне сәйкес мұқият жуады, оларды антисептикпен өңдейді және таза бір рет қолданылатын қолғап киеді.
11. Әрбір биоматериал сынамаларын алу алдында медицина қызметкері бекітілген қол жуу алгоритміне сәйкес қолын мұқият жуады және таза бір рет қолданылатын қолғаптар киеді, алуды ЖҚҚ-да жүзеге асырады