Меню

Страницы

Статья

Қан алу және тестті жедел әдіспен орындау

12. Қан алу алдында медицина қызметкері тестті орындауға қажетті құрал-саймандар мен материалдарды – скарификаторды, екі спиртті сулықты, тест жолақтарын, буферлік ерітіндіні дайындайды.

13. Тест-жолақтар қаптамадан алынады.

14. 4-ші саусақтың дистальды фалангасы спиртті сулықпен өңделеді.

15. Бір рет қолданылатын скарификатормен тесіледі, капилляр қанының үлгісі стерильді бір рет қолданылатын тамшуырдың (жиынтыққа кіретін) көмегімен алынады және жедел тест ұяшығына орналастырылады. Бұдан әрі осы ұяшыққа жиынтыққа кіретін буферлік ерітіндінің 2 тамшысы қосылады.

16. Спиртті сулықпен тесілген орын өңделеді, қажет болған жағдайда пациент қан кету толық тоқтағанға дейін оны тесу орнына қысып ұстайды.

17. Белгіленген экспозиция уақыты өткеннен кейін тестілеуді орындайтын адам нәтижені оқуды жүргізеді. Әдетте, экспозиция уақыты 15 минутты құрайды, бірақ бұл уақыттың қолданылатын тест-жүйелерге байланысты айырмасы болуы мүмкін.

18. Экспозиция уақыты таймермен белгіленеді. Экспозиция уақытын арттыруға жол берілмейді, себебі бұл жағдайда нәтиже валидті болмауы мүмкін!

19. Әрбір пациенттен кейін медицина қызметкері пайдаланылған скарификаторды «В» сыныпты медициналық қалдықтарға арналған ҚЖКҚ-на, пайдаланылған тест жолақтарды, тамшуырды, спиртті сулықтарды салады және пайдаланылған қолғаптарды «В» сыныпты медициналық қалдықтарға арналған сыйымдылыққа кәдеге жаратады.

20. Әрбір пациенттен кейін медицина қызметкері жұмыс беттерін (үстел, орындықтар немесе кушеткалар және т.б.) дайын дезинфекциялау ерітінділерімен «вирустық инфекциялар кезінде» ерітіндісін еріту режимі бар қоса берілген нұсқаулыққа сәйкес дезинфекциялау режимін сақтай отырып өңдейді.

21. Күніне 2 реттен кем емес дезинфекциялау ерітіндісін қолдана отырып, «вирустық инфекциялар кезінде» ерітіндісін еріту режиміне сәйкес үй-жайларды ылғалды жинау (үйге шығудан басқа) және белгіленген тәртіпке сәйкес кварцтау жүргізіледі, кейіннен үй-жайды кемінде 15 минут желдетеді.

22. Жұмыс аяқталғаннан кейін медицина қызметкері ЖҚҚ-ны шешеді, оларды «В» сыныпты қалдықтарға арналған сыйымдылыққа салады.

23. ЖҚҚ-ны шешкеннен кейін медицина қызметкері қол жуу алгоритміне сәйкес қолын сабынмен жылы сумен мұқият жуады, оларды антисептикпен өңдейді.

24. Ауысым аяқталғаннан кейін үй-жайларда (автомобильді) «вирустық инфекциялар кезінде» дезинфекциялау ерітіндісін еріту режимімен және белгіленген тәртіпке сәйкес кварцтау жүргізіледі, кейіннен үй-жайлар (автомобильді) кемінде 15 минут желдетіледі.

3. Нәтижені алу кезіндегі түсіндіру және іс-әрекеттер

25. Зерттеу нәтижесін түсіндіру:

1) оң IgM – антиденелердің болуы, инфекцияның жіті кезеңі;

2) оң IgG - антиденелердің болуы, ауырып сауыққан;

3) оң IgM және IgG - жіті сатыдан ауырып сауыққан инфекция жағдайына өту;

4) оң C (бақылау) – реакцияның болу индикаторы, теріс нәтиже;

5) теріс С (бақылау) – үлгінің жеткіліксіз көлемі немесе тестілеу техникасының бұзылуы. Нәтиже есепке алынбайды.

26. IgM жедел тестінің оң нәтижесін алған кезде зерттеу жүргізген маман:

1) тестіленуші адамды COVID-19-ға күдіктің бар екендігі туралы хабардар етеді және қайтадан жедел тестілеу өткізеді;

2) қайтадан оң IgM алынған кезде медициналық ұйым басшысына немесе жауапты адамға оң нәтижелі пациент туралы хабарлайды, ол 2 сағаттың ішінде ҚР ДСМ ТКҚСҚБК аумақтық департаментін хабардар етеді;

3) қайтадан оң IgM нәтиже алынғаннан кейін дереу ПТР зерттеуге биоматериал алуды жүргізеді және пациентке ПТР тестілеу нәтижелерін алғанға дейін өзін-өзі оқшаулау қағидаларын сақтай отырып, үйде қалуға кеңес береді;

4) ПТР тестілеудің оң нәтижесін алған кезде пациент инфекциялық ауралар стационарына жатқызылады, теріс нәтиже алған кезде 14 күнге үй карантиніне жіберіледі және қоңырау шалу (мүмкіндігінше бейнеқоңырау шалу) арқылы тұратын (болатын) жері бойынша медициналық бақылауға алынады.

27. IgG жедел тестінің оң нәтижесін алған кезде:

1) жеделтестінің оң нәтижесін алған кезде зертханалық қызметкер тестілеу үшін биоматериал тапсырған тексерілген адамға жұқтырылған инфекцияны көрсететін антиденелердің болуына күдіктің болуы туралы хабарлайды;

2) медициналық ұйымның басшысы немесе дәрігер-эпидемиологы АД-ға зерттеу нәтижесі туралы хабарлайды.

28. Теріс нәтиже алған кезде (IgM және IgG анықталмаған) тексерілген адамға COVID-19-дың болмау ықтималдығы жоғары екендігі және қорғанудың профилактикалық шараларын сақтау қажеттілігі туралы хабарланады.

29. Барлық нәтижелер міндетті түрде ЭДСРО АЖ-ның қосымшасында тіркеледі.

 

Дата публикации
10 июня 2020
Дата обновления
10 июня 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы