Меню

Страницы

Статья

ПТР әдісімен тестілеу

1. ПТР әдісімен тестілеуге мыналар жатады:

1.1.Эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша:

1) СОVID-19-бен провизорлық және инфекциялық аурулар стационарына жатқызылған адамдар;

2) ЖРВИ және пневмониясы бар науқастар;

3) оқшаулаудың 1 және 7 күнінде COVID-19 науқастарымен жақын байланыстар қатарындағы адамдар;

4) байланыс фактісі анықталған кезде COVID-19 науқастарымен ықтимал байланыстар қатарындағы адамдар;

5) клиникалық хаттамаға сәйкес амбулаториялық емдеуде және МСАК-ның медициналық бақылауындағы COVID-19-бен ауыратын науқастар;

6) СОVID-19 симптомы жоқ вирус тасымалдаушылар симптомсыз вирус тасымалдаушылық фактісі анықталғаннан кейін 10 күніне.

1.2. Профилактикалық мақсатта:

1) ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан автоөтпелерде және темір жолда Мемлекеттік шекараның өткізу пункттері арқылы Қазақстанға келетін азаматтар;

2) шет елден авиарейспен келетін адамдар;

3) COVID-19 жұқтыру қаупі жоғары медицина қызметкерлері (инфекциялық аурулар стационарлары, пульмонологиялық стационарлар (бөлімшелер), стационарлық изоляторлар (симптомсыздар үшін), карантиндік объектілер (дені сау адамдар үшін), стационарлардың қабылдау бөлмелері, амбулаториялық-емханалық ұйымдардың сүзгілері, жедел жәрдем бригадалары, ПТР диагностиканы жүзеге асыратын зертханалық мамандар, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері) айына 1 рет;

4) әскери бөлімдерге келген әскерге шақырылушылар.

1.3. Эпидемиологиялық қадағалау мақсатында:

1) стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде пациенттер;

2) шұғыл емдеуге жатқызу кезінде пациенттер;

3) клиникалық хаттамаға сәйкес жүкті әйелдер және жаңа туған нәрестелер;

4) гемодиализдегі пациенттер;

5) ҚАЖ мекемелеріне түсетін адамдар (тергеуге алынғандар, айыпталушылар, сотталғандар);

6) медициналық-әлеуметтік мекемелерге жаңадан түсетін адамдар, ресімдеу кезінде бір рет;

7) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес.

2. COVID-19-ды анықтау үшін материал аңқа мен мұрын жұтқыншақтан бөлінетін сынама, транстрахеалдық, мұрын жұтқыншақ аспираты, мұрын шайындысы, қақырық болып табылады.

3. Биоматериал сынамасын алуды эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып, денсаулық сақтау ұйымының медицина қызметкері жүзеге асырады.

4.Материалды жинау кезінде ЖҚҚ қолданылады.

5.Жағындылардың үлгілері пластикалық өзектегі синтетикалық материалдан (мысалы: полиэстер немесе дакрон) жасалған жасанды аппликаторы бар стерильді тампонның көмегімен тестіленушінің орналасқан жері бойынша (үйде, медициналық ұйымда, провизорлық және карантиндік стационарларда, жұмыс орны бойынша) алынады.

6.Бір науқастан вирустық тасымалдау ортасы бар бір түтікке аңқа мен мұрыннан (2 тампоннан) алу қажет.

7. Пациенттен алынған үлгі науқастың тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, жасы, ауырған күні, алу күні және симптомдары, келген елі, науқастармен байланыс туралы барынша көп ақпаратты қамтитын жолдамамен бірге жүреді.

8. Тасымалдау сәтіне дейін алынған үлгілерді 2-ден 4 градусқа дейінгі температуралық режимде тоңазытқышта сақтау қажет.

9. ҚР ДСМ 2017 жылғы 8 қыркүйектегі №684 бұйрығымен бекітілген «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына сәйкес үш қаптаманың талаптарын сақтай отырып, пациенттен алынған үлгілерді ҰСО филиалының зертханасына немесе COVID-19-ға тестілеу үшін айқындалған басқа зертханаға тасымалдау керек.

10. Зертханаларда нақты уақыт режимінде (реал-тайм) ПТР әдісімен COVID-19-дың спецификалық диагностикасы жүргізіледі.

11. COVID-19-ға тестілеу аяқталғаннан кейін зерттеу нәтижелерін жіберген ұйымға беру және зерттеу нәтижелері туралы жіберген ұйым мен аумақтық ТКҚСҚБД-ке хабарлау жүргізіледі.

12. Оң нәтиже анықталған жағдайда қосымша аумақтық ТКҚСҚБД-ке шұғыл хабарлама ресімделеді.

13. Тестілеу жүргізетін зертханалар ТКҚСҚБД-не белгіленген нысанға және жиілікке сәйкес тестіленген адамдардың саны мен санаты туралы есеп береді.

14. ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалы жекелеген жағдайларда көрсетілімдер бойынша жіберген ұйымға зерттеу нәтижесін ұсына отырып, үлгілерге ДДСҰ валидациялаған тест-жүйелерінде ПТР реал-тайм әдісімен референттік тестілеу және референттік тестілеудің нәтижелері туралы аумақтық ТКҚСҚБД-не хабарлауды жүргізеді.

15. ҚДСҰО СЭСМҒПО филиалы СОVID-19-ға зертханалық зерттеулердің сапасын қамтамасыз ету мақсатында ISO 17043-2013 «Сәйкестікті бағалау. Біліктілікті тексеруді жүргізуге қойылатын негізгі талаптар» ISO 17043-2013 талаптарына, сондай-ақ ДДСҰ-ның Сапаны сыртқы бағалау ұлттық бағдарламаларын ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдарына сәйкес үлгілерді қайта тестілеуге және зертханааралық салыстыру сынақтарына (кәсіптік тестілеуге), оның ішінде ДДСҰ-мен ынтымақтастықтағы зертханаға жіберген ұйымға есеп бере отырып, өткен айдағы 10% оң және 5% теріс үлгілерге қайта тестілеу (сапаны сыртқы бақылау нысаны) жүргізеді.

16. Халықтың жабық ұйымдастырылған топтарында халықты тестілеу топтарын кеңейту қажет болған жағдайда пулға диагностикалық тестілеуді біріктіру жолымен скринингтік зерттеулер жүргізуге жол беріледі.

17. Талдаудың сезімталдығын төмендетуге жол бермеу мақсатында халықтың скринингі үшін пулға диагностикалық тестілерді біріктіру 3-5 үлгіден артық емес ерітуде тестілеуді біріктіруге жол беріледі.

18. Зертханалық скрининг кезінде диагностикалық тестілеу жүргізу және пулға біріктіруді кеңейтуді қатаң түрде валидацияланған әдістеме және сезімталдықтың төмендеуіне жол бермеу негізінде жүргізу керек.

19. Диагностикалық тестілерді пулға біріктіруге нақты уақыт режимінде (реал-тайм) ПТР әдісі кезінде және нуклеин қышқылдарының автоматтандырылған экстракциясын сақтаған кезде ғана жол беріледі.

20. Пулирлеу биологиялық қауіпсіздік талаптары, үлгілерді вортекстеу және пулды 500 мкл көлемінде қалыптастыру және пулды тиісті сәйкестендіру рәсімдері сақтала отырып жүргізіледі.

21. Диагностикалық пулда оң нәтижелер алынған жағдайда пулға біріктірілген әрбір үлгінің жеке диагностикасы жүргізіледі.

ІІІ. SARS CoV-2 вирустарының молекулалық-генетикалық мониторингі

1. Патогендердің генетикалық вариабелділігін, олардың таралуын және пайда болуын мониторингілеу үшін екінші буынды секвенирлеу әдісін пайдалану, диагностикалық тесттерді қоса алғанда, медициналық контрмерлердің тиімділігіне әсер етуі мүмкін.

2. Вирусты толық геномды секвенирлеу ҚР ДСМ айқындаған зертханаларда жүргізіледі.

3. Секвенирлеу нәтижелері ҚР ДСМ-ге жіберіледі және COVID-19 коронавирустық инфекциясын диагностикалау және емдеу бойынша тиімді шараларды әзірлеу үшін қолданылады.

Дата публикации
10 июня 2020
Дата обновления
10 июня 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы