Меню

Страницы

Статья

Грузиядан қаржы пирамидасын ұйымдастырушы экстрадицияланды

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен қаржы пирамидасын құрғаны және басқарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында күдіктіні Грузиядан экстрадициялады.

Оның құрған қылмыстық тобы 2020 жылы Маңғыстау облысында «Plus Capital» қаржы пирамидасын ұйымдастырып, 600-ден астам салымшының жалпы сомасы 3 млрд. теңгеден астам ақшалай қаражатын, жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін заңсыз иемденген.

Қылмыстық топ мүшелерінің бір бөлігі түрлі жаза түрлеріне сотталды, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынған, соған байланысты халықаралық іздестіруге жарияланды.

2023 жылғы қарашада ол Грузия аумағында ұсталды.

Қазіргі уақытта күдікті Ақтау қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Осы қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. 

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Дата публикации
17 мая 2024
Дата обновления
17 мая 2024
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы