Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы тұрмыстық және тұрғын секторларында адамның қаза болуын болдырмау мақсатында қала тұрғындарын өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауын ескертеді, атап айтқанда:
Өртті сөндіргеннен де ескерткен оңай. Ол үшін күнделікті қарапайым өрт қауіпсіздігі ережесін орындаған жөн.
-Біріншіден, отпен абай болған дұрыс.
-Қорада немесе оңай тұтанатын материалдар бар жерде ашық отты пайдаланбаңыздар және мас күйде үй ішінде темекі шекпеген дұрыс.
-Сіріңке қоятын жер балалардың қолы жетпейтін жерде болғаны абзал. Өйткені балалар үлкендерге еліктейміз деп тілсіз жаудың себепкерлеріне айналғандары баршалық.Онымен қоймай олар өздері тілсіз жаудың құрбанынына айналады.
-Балаларды үлкендердін қарауынсыз қалдырмау керек. Тоқпен және газбен жұмыс істейтін заттарды үнемі тексеріп отырған дұрыс. Өрттін алдың алу үшін ондай құралдарды өшіріп отыру керек.
-Электр жүйелерінің шамасынан тыс ауытқуынан және қысқа тұйықталуынан қорғау үшін заут дайндаған ерігіш құрылғылыр қолданған жөн. Қолдан жасаған электр қорғаныштарын қолдануға тиым салынады.
-Электрленген сымдарды жөндеуде және үйге электр жүйесін тартуда электр мамандарының көмегіне жүгінген жөн.
-Ешбір жағдайда кездейсоқ адамның көмегіне жүгінбеңіз. Зақымданған электр өткізгіш сымдарын қолданбай және үтік, электр шәйнектерін қолданғанда астына жанбайтын зат қойған жөн.
-Саты астында немесе шатырда жихаздарды және өртенетін заттарды сақтамаған дұрыс. Басты немесе қосалқы есіктерді бос ұстаған дұрыс.
Екібастұз қ. ТЖ Басқармасының аға инженері
Азаматтық қорғау аға лейтенанты
А.Нуртай