Меню

Страницы

Статья

Дара кәсіпкерлердің қызметін тоқтату туралы

Салық кодексінің 66-бабы бойынша қызметі тоқтатылған кезде дара кәсіпкерлердің және жеке практикамен айналысатын адамдардың жекелеген санаттарының салықтық міндеттемені орындау ерекшеліктері

Осы бап бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін: 1) қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын; 2) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері бойынша іріктелген салықтық тексерулер тізіміне енгізілмеген не тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулердің, сондай-ақ тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулердің жартыжылдық графигіне енгізілмеген.

Осы бап белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімі ішінде осы тармақта айқындалған шарттарға сәйкес келетін дара кәсіпкерлерге немесе жеке практикамен айналысатын адамдарға қатысты қолданылады.

Осы тармақтың ережелері дара кәсіпкерлер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен басталатын уақыт кезеңі осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен кем дара кәсіпкерлерге де қатысты қолданылады.

Дара кәсіпкер немесе жеке практикамен айналысатын адам қызметті тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда, орналасқан жеріндегі салық органына бір мезгілде: 1) қызметін тоқтату туралы салықтық өтінішті; 2) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны, осындай есепке алу болған кезде; 3) таратудың салықтық есептілігін; 4) осы Кодексте айқындалған тәртіппен бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы салықтық өтінішті ұсынады.

Салық кодексінің 67-бабы бойынша дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату

Дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтату осы Кодексте белгіленген камералдық бақылау жүргізілмей: 1) салық төлеушінің қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішінің; 2) салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініште немесе патент құнының есеп-қисабында қамтылған жазбаша келісімнің негізінде жүзеге асырылады.

Қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті беру кезінде бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін: 1) қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмайтын; 2) бірлескен кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асырмайтын; 3) жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асырмайтын; 4) тәуекелдерді бағалау жүйесі іс-шараларының нәтижелері бойынша іріктелген салықтық тексерулер тізімінде жоқ не тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулердің, сондай-ақ тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексерулердің жартыжылдық графигінде жоқ; 5) салықтық берешегі, әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ; 6) тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекелдер деңгейі жоғары емес дара кәсіпкерлер қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтатуға жатады.

Қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтату кезінде дара кәсіпкер өзінің орналасқан жеріндегі салық органына бір мезгілде: 1) қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті; 2) таратудың салықтық есептілігін; 3) бақылау-касса машинасын (ол бар болған кезде) есептен шығару туралы салықтық өтінішті ұсынады.

 

«Екібастұз қаласы бойынша

мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ

 

 

 

Дата публикации
24 апреля 2024
Дата обновления
24 апреля 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы