Меню

Страницы

Статья

Азаматтардың зейнетақы жинақтарының қорғалуы. Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару арқылы басқару

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі қаржылық тәуекелден барынша қорғалған. Қазір де Қазақстан – азаматтардың зейнетақы жинақтарының инфляциядан сақталуына мемлекет тарапынан кепілдік беретін әлемдегі жалғыз ел. Егер зейнетке шыққан кезде жинақтардың кірістілігі инфляциядан төмен болса, онда бұл айырма алушыға БЖЗҚ-дан алғашқы зейнетақы төлемін алған кезде республикалық бюджет есебінен толтырылады.

Әлеуметтік кодекстің қолданысқа енгізілуімен қатар, салымшыларға міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының 50% дейін инвестициялық портфельді (ИПБ) басқарушылардың сенімгерлік басқаруына аудару мүмкіндігі беріледі. Бұл ретте төменгі жеткіліктілік шегі ескерілмейді. Егер салымшы сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартына отырған болса, онда ИПБ-ға міндетті зейнетақы жинақтары сомасының 100% дейін бере алады. Сондай-ақ, ИПБ-ға ерікті жинақтарын толық көлемде беруге болады. Осы жерде ескерте кететін бір жәйт, мемлекет зейнетақы жинақтарының міндетті түрлерінің сақталуына кепілдікті жинақтардың ҚР Ұлттық Банкінің басқаруындағы бөлігіне ғана береді. Ал жеке басқаруға берілетін зейнетақы жинақтарының сақталуына салымшы таңдаған компания жауапты болады. Зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігі негізінде есептелетін кірістіліктің ең төменгі деңгейін қамтамасыз етуге дәл осы ИПБ-лар өз капиталы есебінен жауап береді.  

Егер салымшы зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аудару туралы шешім қабылдаса, ең алдымен, нарықтағы басқарушы компаниялардың өзекті тізбесімен танысуға кеңес береміз. Олардың БЖЗҚ сайтындағы инвестициялық декларацияларын, инвестициялық қызметтеріне жасалған шолуды зерделеп, таңдауы түсіп отырған компанияның тәжірибесімен және жұмыс нәтижелерімен толығырақ танысу қажет.

 

Дата публикации
19 марта 2024
Дата обновления
19 марта 2024
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы