Меню

Страницы

Статья

ХАБАРЛАМА

2023 жылғы 23 сәуірде бір сайлау округінде Солнечный поселкесі әкімінің сайлауы өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларының Екібастұз қаласы Солнечный поселкесінің әкімін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 3847 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс берген  2027, соның ішінде: есептен шығару куәліктері бойынша – 0, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде – 32.  Жарамсыз бюллетеньдер саны  - 272,  «Барлығына қарсы» белгісі бар -  239.

Барлығы 4 кандидат өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды: Ерлан Естаевич Акылтаев, Алибек Айтмагамбетович Аубакиров, Бахтияр Жасылханович Мырзалиев, Канаш Жумажанович Рахимбеков.

2023 жылғы 31 наурызда кандидат Б.Ж. Мырзалиевке Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты тіркеуден бас тартылды.

Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:

Е.Е. Акылтаев – 167, А.А. Аубакиров – 701, К.Ж. Рахимбеков – 648.

Нәтижесі бойынша Солнечный поселкесінің әкімі болып Алибек Айтмагамбетович Аубакиров сайланды, 1985 жылы туған, Солнечный поселкесі әкімінің орынбасары, Солнечный поселкесінде тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

  

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
24 апреля 2023
Дата обновления
24 апреля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы