Меню

Страницы

Статья

ХАБАРЛАМА

2023 жылғы 29 қаңтарда екі сайлау округінде ауыл әкімдерінің сайлауы өтті.

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы учаскелік сайлау комиссияларының Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округінің және академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылының әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Екібастұз ауылдық округі

Екібастұз ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша.

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 487 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс берген  447.  Жарамсыз бюллетеньдер саны  - 4,  «Барлығына қарсы» белгісі бар -  6.

Әр кандидатқа берілген дауыстар саны:

С.Т.  Арынова– 80, Е.С. Аушакимов - 46, Ж.К. Ибраев– 311.

Екібастұз ауылдық округінің әкімі болып Жанат Кабдулуахитович  Ибраев сайланды, 1976 жылы туған, «Екібастұз ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округінің Төртүй ауылында тұрады, «AMANAT» партиясымен ұсынылған.

 

Академик Әлкей Марғұлан атындағы селосы

Академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылының әкімін сайлау бойынша.

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 287 азамат енгізілді, оның ішінде дауыс берген 232. Жарамсыз бюллетеньдер саны  - 2,  «Барлығына қарсы» белгісі бар -  3.

Әр кандидатқа берілген дауыстардың саны:

Б.К.  Бозтаев– 133,  Ж. Жанымхан - 92, У.А. Коваленко– 1, С. Хуантай - 1.

Академик Әлкей Марғұлан атындағы ауыл әкімі болып Бауыржан Кенжетаевич Бозтаев сайланды, 1976 жылы туған, «Олжас» ШҚ басқарушысы, академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылда тұрады, өзін-өзі ұсынған.

 

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
30 января 2023
Дата обновления
30 января 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы