Меню

Страницы

Статья

Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі жұмыс комиссиясының 2022 жылғы жұмысы туралы ақпарат

 

 

Әйелдер істері және отбасы-демографиялық

саясат жөніндегі жұмыс комиссиясының

2022 жылғы жұмысы туралы ақпарат

 

Екібастұз өңірінде отбасылық және гендерлік саясат бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде.

Аймақтағы гендерлік саясаттың негізгі міндеттеріне мыналар жатады: әйелдер мен ерлердің  қоғамдық – саяси өмірге теңгерімді қатысуына қол жеткізу, олардың өз бизнесін дамыту үшін тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, отбасында тең жағдай жасау және олардың репродуктивті денсаулығын нығайту.

Қалалық мәслихат депутаттығына 16 кандидаттың ішінен әйелдер саны 6 адамды құрайды.  Әкімдіктің дербес бөлімдерінің бес басшысы әйелдер болып табылады.

Кәсіпкерлік бөлімімен кәсіпкер әйелдердің іскерлік біліктілігі мен кәсібилігін арттыру үшін оқыту іс –шаралары өткізіледі. Шағын және орта бизнесті қолдау аясында 70-тен астам әйел оқытылды.

Өңірдегі әйелдердің мәртебесін арттыру жөніндегі жұмыста үкіметтік емес ұйымдар маңызды рөл атқарады. Белсенді жұмысты «Әлем» оңалту орталығы, «Екібастұз балалар қоры» қоғамдық қорлары, «Өмір» оңалту шығармашылық орталығы, «Ана ұлағаты» қоғамдық бірлестіктері және т.б. жүргізеді, олардың жетекшілері әйелдер.

Әйелдер ҮЕҰ халықтың әлеуметтік осал санатына материалдық көмек көрсетеді, жастарға нашақорлықтың алдын алу мәселелері бойынша психоәлеуметтік кеңес беру кабинеті құрылды, мүгедектерді қолдау және қорғау орталығы жұмыс істейді.

 «Ана мен баланы қорғау» бағдарламасын іске асыру үшін әйелдер мен ерлердің репродуктивті денсаулығын нығайту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жыл сайын олардың профилактикалық тексерулері мен скринингтері ұйымдастырылады. № 2 емхана базасында медициналық-психологиялық-әлеуметтік көмек көрсетілетін жастарға арналған «Келешек» денсаулық орталығы ашылды.  Осы орталық жұмыс істеген сәттен бастап 1700-ден астам адам өтініш білдіріп, 700-ден астам жас психологиялық көмек алды.

Қалада әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес қызметі белсенді жұмыс істейді және УП жанындағы сенім телефонының жұмысы ұйымдастырылған. 2022 жылы 47 әйелге консультациялық - психологиялық көмек көрсетілді.

Гендерлік теңдіктің негізгі бағыттарының бірі-тұрғындарды отбасылық құндылықтармен таныстыру.  

Жыл сайын Отбасы күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар өткізіледі.  «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңі, жас отбасылардың «Ақ босаға» қалалық байқауы, дөңгелек үстелдер және еңбек әулеттерімен кездесулер өтеді.

Ағымдағы жылдың 14 маусымында «Мерейлі отбасы -2022» қалалық кезеңі өтті. 6 отбасы қатысып, жалпы еңбек өтілі 190 жылды құрайтын Новиковтар кеншілер отбасы осы байқаудың жеңімпаздары атанды.    Облыстық кезеңге қатысу үшін Екібастұз өңірінен екі отбасы ұсынылған: Новиковтар (Екібастұз қ.) және Каримовтар (Ақкөл ауылы) отбасы. Оның қорытындысы бойынша Новиковтар отбасы облыстық байқауда үшінші орынға ие болды.

            Ақпарат тәртібінде жіберіледі.

 

 

         

 

 

 

Дата публикации
26 января 2023
Дата обновления
26 января 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы