2023 жылғы 18 қаңтарда Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Жиында «2023 жылдың 29 қаңтарына тағайындалған Екібастұз қаласының академик Ә.Марғұлан атындағы ауылы, Екібастұз ауылдық округ әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы» қаулы қабылданды.
2023 жылғы 18 қаңтарда сағат 18:00 - дегі жағдайы бойынша Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы академик Ә.Марғұлан атындағы ауылы, Екібастұз ауылдық округ әкімдігіне ұсынылған 8 кандидаттың 7 - ін тіркеді. Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тексеру талаптарына сәйкес келмеуі бойынша 1 кандидатқа тіркеуден бас тартылды.
Олардың ішінде 3 (42,9%) – әйел, 4 (57,1%) – ер адам. Үмікерлердің орташа жасы – 41 жас. Ең үлкен кандидат – 54 жаста, ең жас – 31 жаста.
Үміткерлер мамандығы бойынша: экономика, мұғалімдер, мемлекеттік қызмет, фермер-менеджер.
Үміткерлер қатарында: мұғалімідер, мемлекеттік қызметкерлер, ауыл және ауылдық округтің әкімдері. .
18 қаңтар сағат 18:00 - ден бастап Ә.Марғұлан атындағы ауылы, Екібастұз ауылдық округ әкімдігіне тіркелген барлық кандидаттар 2023 жылғы 27 қаңтар күні сағат 00:00 - ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы «Кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшін қаражат бөлу қағидалары мен көлемдерін бекіту туралы»№12/202 қаулысына сәйкес, кандидаттарға БАҚ-тарда өздерінің бағдарламаларымен шығуы үшін: теледидардан -15 минут; радиодан -10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екімақала жариялауы үшін қаражат бөлінуі қарастырылған.
Барлық кандидаттарға үгіттік жұмысты жүргізу үшін заңнамамен тен шарттарға кепілдік беріледі.
|
№ |
Ауылдық округ атауы |
Тегі, аты, әкесінің аты |
Туған жыл |
Атқаратын лауазымы (кәсібі), жұмыс орны |
Тұратын жері |
Ұсынылуы |
|
1 |
Ә.Марғұлан атындағы ауылы |
Жанымхан Жансерик |
1986 |
Академик Ә.Марғұлан атындағы ауылдың әкімі «Екібастұз қаласы Академик Ә.Марғұлан атындағы ауыл әкімінің аппараты» ММ |
Екібастұз қаласы, Академик Ә.Марғұлан атындағы ауыл, Марғұлан көшесі, 7-1 |
«AMANAT» партиясы |
|
2 |
Хуантай Сункар |
1987 |
бас маманы, «Екібастұз қаласы Шідерті поселкесі әкім аппараты»ММ |
Екібастұз қаласы Шідерті поселкесі, Қ.Сәтбаев көшесі 11-2 |
өзін-өзі ұсынған |
|
|
3 |
Бозтаев Бауыржан Кенжетаевич |
1976 |
«KMG -Security» ЖШС аға күзетші
|
Екібастұз қаласы, Академик Ә.Марғұлан атындағы ауыл, Нефтянников көшесі, 2-1 |
өзін-өзі ұсынған |
|
|
4 |
|
Коваленко Ульяна Алексеевна |
1983 |
бас маман, «Екібастұз қаласы Академик Ә.Марғұлан атындағы ауыл әкімінің аппараты» ММ |
Екібастұз қаласы Шорманов көшесі, 38 |
өзін-өзі ұсынған |
|
5 |
Екібастұз ауылдық округі |
Ибраев Жанат Кабдулуахитович |
1976 |
Екібастұз ауылдық округінің әкімі, «Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ |
Екібастұз ауылдық округі Төртүй ауылы Естая көшесі 12 б-1 |
«AMANAT» партиясы |
|
6 |
Арынова Сайран Темиргалиевна |
1968 |
әкімнің көмекшісі, «Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ |
Екібастұз ауылдық округі Тай ауылы Қ.Лоқашев көшесі, 69 |
өзін-өзі ұсынған |
|
|
7 |
АушакимовЕрсаин Серикович |
1991 |
Өндірістік жұмыстар секторының меңгерушісі, «Екібастұз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі» ММ |
Екібастұз қаласы Королев көшесі 74Б - 8 |
өзін-өзі ұсынған |