Шамғон Шаймарданұлы 1934 жылы 27 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Нұғманов ауылында дүниеге келген.
Өзінің шығармашылық қызметін әскер қатарында бастаған.
Ол Екібастұз қаласындағы «Өнер» медениет сарайының алғашқы басшысы болды.
Ш.Ш.Мусин бірқатар марапаттардың иегері. «Екібастұз қаласының құрметті азаматы», Бүкілодақтық халық шығармашылығы фестивалінің үш мәрте лауреаты. «Кәсіподақтардың мәдени-ағарту мекемелеріндегі үздік жұмысы үшін» ВЦСПС белгісімен марапатталған. Бірнеше кітаптың авторы.
Екібастұз қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі Шамғон Шаймарданұлының «Павлодар облысының құрметті азаматы» атануымен шын жүректен құттықтайды!