15 желтоқсан күні «Атамұра» мәдениет орталығы мен «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай «Тәуелсіздік тарландары» эрудиттер рингін өткізді.
Аталған шараға қаламыздың оқу орындарының студенттерінен құралған командалар қатысты. Қатысушы топтар әр түрлі интеллектуалдық сұрақтарға жауап беріп, қызықты тартыс болды.
Қорытынды ұпайлық жүйемен есептелініп, 1-орын Екібастұз медициналық колледжі, 2-орын Инновациялық Еуразиялық Университетінің Екібастұз колледжі, 3-орын «Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық» колледжіне бұйырды, Екібастұз политехникалық колледжі Алғыс хат иеленді.
Барлық қатысушылар диплом, кубок және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.