Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлаутуралы» Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармағына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес, Павлодар облысы Екібастұз қаласының Қоянды, Төрт-Құдық ауылдық округтерінің әкімін 2022 жылғы 9 қазанда өткен сайлауының қорытындылары туралы сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде, Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы хабарлайды:
- Павлодар облысы Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округінің әкімі болып 2022 жылғы 10 қазанда тіркелді Абай Серікұлы Хакимов, 1983 жылы туған, «Қоянды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, Екібастұз қаласында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған;
- Павлодар облысы Екібастұз қаласының Төрт-Құдық ауылдық округінің әкімі 2022 жылғы 10 қазанда Әлібек Райханұлы Оңғонусов, 1984 жылы туған, «Төрт–Құдық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Төрт–Құдық ауылдық округінің Төрт–Құдық ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған.
Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы