«Екібастұз қаласы әкімдігінің АХАТ бөлімі» мемлекеттік мекемесі жеке тұлғаларға мемлекеттік қызметтердің 7 түрін көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет - бұл қызметті алушылардың өтініші бойынша немесе өтінішінсіз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған, жекелеген негізде көрсетілетін белгілі бір мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру нысандарының бірі.
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ-ның халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚКО) бөлімдерінің негізгі қызметі «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету болып табылады. Бұл ретте ХҚКО өтініштерді қабылдайды және дайын құжаттарды береді. Тізілімге сәйкес АХАТ органдарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің алты түрі ХҚКО арқылы көрсетіледі.
Тууды, некені бұзуды тіркеу, азаматтық хал актілері жазбаларының күшін жою және қалпына келтіру сияқты кейбір қызметтер негіздерге байланысты балама негізде жүзеге асырылады, яғни бұл қызметтерді ХҚКО арқылы да, «Электрондық үкімет» порталы арқылы да, сондай-ақ тікелей АХАТ органдарында да жүзеге асыруға болады.
«Некені тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызметіне ХҚКО арқылы өтініштерді қабылдау жүргізілмейді. Өтінішті негізге байланысты «Электрондық үкімет» порталы арқылы және АХАТ органдарында тікелей беруге болады.
Аймақта «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді қол жетімді алу үшін «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Мемлекеттік корпорациясы ҰАҚ-ның Павлодар облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Екібастұз ауданы бойынша Бөлімі жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасы азаматтарына ыңғайлы болу үшін азаматтық хал актілерінің барлық түрлерін тіркеу, оларға өзгерістер, түзетулер мен толықтырулар енгізу, актілік жазбаларды қалпына келтіру және жою, қайталама куәліктер мен анықтамалар алу бойынша мемлекеттік қызметтер «экстерриториалдылық» қағидаты негізінде ұсынылады. Бұл дегеніміз, АХАТ бөліміне байланысты құжаттар жоғалған жағдайда, азамат туған жеріне немесе актілік жазбаның орналасқан жеріне қарамастан, тұрғылықты жері бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез-келген ХҚКО бөлімшелеріне жүгіне алады және қайталама куәліктер (анықтамалар) ала алады.
Екібастұз қаласы
әкімдігінің АХАТ бөлімінің
бас маманы
А.Қапашева