Меню

Страницы

Статья

Павлодар облысының Екібастұз қаласы Шідерті поселкесі әкімі сайлауына кандидат Еркин Сейлханович Шулькебаевтың 2022-2026 жылдарға арналған БАҒДАРЛАМА

Құрметті кент тұрғындары!

Біздің кент ертең қандай болатыны әрқайсымызға байланысты.

Сондықтан мен сіздерді сайлау учаскелеріне келіп, маған дауыс беруге шақырамын.

Сіздің дауысыңыз – балаларымыздың, жастардың, ата-аналарымыздың бақытты және гүлденген өміріне үлес қосу!

Берекелі ауыл – табысты ел!

Сайлауға келіңіздер! Маған дауыс беріңіздер!

Құрметті Шідерті кенті сайлаушылары!

Мен, Еркин Сейлханович Шүлкебаев, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Сәтбаев ауылында дүниеге келдім.

Менің «Дене шынықтыру мұғалімі» мамандығы бойынша жоғары білімім бар.

Еңбек жолын 1985 жылы Комсомольск орта мектебінде әскери нұсқаушы болып бастадым.

1997-2001 жылдар аралығында Шідерті кентіндегі өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқардым.

2001-2007 жылдары Шідерті ҚТЖ байланыс желісінің электр монтері. 2007 жылдан қазіргі уақытқа дейін Шідерті орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Шідерті кентіндегі ДСК спорт нысанының меңгерушісі.

Соңғы жылдары атқарылған істер аз емес, бірақ шешімін күткен мәселелер қатары: көшелерді жарықтандыру желілерін дамыту, жол жөндеу, жылу және сумен қамту, кәріз жүйесін жақсарту, ауылымызды көгалдандыру, т.б.

Бүгін мен бұл мәселелерді қалай шешуге және кентіміздің өмірін жақсартуға болатынын анық түсіндім! Мен мұны тек Сіздің қолдауыңызбен жасай аламын!

Маған дауыс берсеңіз, келесі 4 жылда:

  • Шідерті стансасына кіретін жолды орташа жөндеуден өткізуге ұмтыламын;
  • Кентті көркейтуге үлесімді қосамын;
  • кварталішілік жылу желілерін күрделі жөндеу жобасын жүзеге асыруға ұмтыламын;
  • Коммуналдық меншіктегі пәтерлерді жөндеуге, одан әрі кентте кезекте тұрғандарға берілуіне үлесімді қосамын;
  • Кент балалары үшін ойын алаңдары мен шағын футбол алаңын көбейтуге ұмтыламын;

Мен күш саламын:

  • мемлекеттік бағдарламалар аясында азаматтарды жұмысқа орналастыруға және оқытуға жәрдемдесу. Ауылда жаңа жұмыс орындарын ашу.

Сіздің таңдауыңыз Сіздің болашағыңыз!

 

Дата публикации
06 декабря 2022
Дата обновления
06 декабря 2022
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы