Еркін Сейлханұлы Шулькебаев
1963 жылы, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Сәтбаев ауылында дүниеге келді.
Білімі: жоғары.
Қызмет, жұмыс орны:
- 1985-1997 жылы Комсомольск орта мектебінде әскери нұсқаушы;
- 1997-2001 жылдар аралығында Шідерті кентіндегі өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары;
- 2001-2007 жылдары Шідерті Қазақстан Темір Жолы байланыс желісінің электр монтері;
- 2007 жылдан қазіргі уақытқа дейін Шідерті орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, Шідерті кентіндегі денешініқтіру сауқтыру кешені спорт нысанының меңгерушісі.
Мені әкім ретінде таңдасаңыздар, алдағы 4 жылда мыналарға ықпал ететін боламын:
- Шідерті стансасына кіретін жолды орташа жөндеуден өткізуге ұмтыламын;
- Кентті көркейтуге үлесімді қосамын;
- кварталішілік жылу желілерін күрделі жөндеу жобасын жүзеге асыруға ұмтыламын;
- Коммуналдық меншіктегі пәтерлерді жөндеуге, одан әрі кентте кезекте тұрғандарға берілуіне үлесімді қосамын;
Кент балалары үшін ойын алаңдары мен шағын футбол алаңын көбейтуге ұмтыламын.