Меню

Страницы

Статья

Павлодар облысының Екібастұз қаласы Шідерті поселкесінің әкімі сайлауына кандидат Акажанова Карлыгаш Хабидоллиновнаның 2022-2026 жылдарға арналған БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен, Ақажанова Қарлығаш Хабидоллақызы, Ресей Федерациясы, Омбы облысы, Марьяновкий ауданы, Москаленский зерносовхозы, Домбай ауылында туып-өстім.

Менің «Инженер-геодезист» мамандығы бойынша жоғары білімім бар. Еңбек жолын 1991 жылы Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Кутузов атындағы совхозында статист қызметкер болып бастадым.

1994-1996 жылдар аралығында Павлодар облысы Екібастұз қаласы Ақкөл совхозында басқару пультінің диспетчері болып жұмыс істедім.

1996 жылдан 2007 жылға дейін РМК «Қазводхоз» «Қаныш Сәтбаев атындағы канал» ППБ филиалында инженер-геодез болып жұмыс істедім.

2007-2008 жылдары «SMS Ingineering» АҚ мұрағатшы болдым.

2008-2010 жылдары №8 орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашысы, 2010-2013 жылдары «Екібастұз қаласы Шідерті поселкесі әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы.

2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Екібастұз қаласы Шідерті поселкесі әкімінің аппараты» ММ бас маманы.

Әкімдерді тікелей сайлауға қатысу туралы менің шешімім кездейсоқ емес. 12 жылдан астам мемлекеттік қызметте жұмыс істеймін және кентің мәселелерін білемін.

Шідерті  аппаратының маманы болып жұмыс істегеннен кейін, біздің кент тұрғындары күн сайын қандай қиындықтарға тап болатынын білемін.

Шідерті поселкесінің әкіміне кандидат ретінде сөз сөйлеу туралы шешім қабылдай отырып, мен кентте бар әлеуметтік мәселелерді шешу үшін бар күш-жігерімді жұмсауға және мемлекеттік қызметте болған кезеңде жинаған барлық дағдыларым мен білімімді жұмыста қолдануға ниеттімін.

Мен бұл мәселелерді қалай шешуге және біздің кенттің өмірін жақсартуға болатынын білемін! Мен мұны тек Сіздің қолдауыңызбен жасай аламын!

Мен әрқашан байланыстамын!

Инстаграмм: karlygashakazhanova

Email: akimat-shiderty@yandex.kz

Мені әкім ретінде таңдасаңыздар, алдағы 4 жылда мыналарға ықпал ететін боламын:

- барлық көше жолдарын орташа жөндеу;

- біздің кентті абаттандыру және көгалдандыру;

- балалар және спорт алаңдарын салу;

- кентте шағын және орта бизнесті дамыту;

- мал шаруашылығын дамыту;

- мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жұмысқа орналастыру және оқыту

Мен кенттің бюджеті шектеулі екенін түсінемін, сондықтан қосымша қаржыландыру көздерін іздеймін.

Мен үлес қосамын:

- жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін толықтыруды ұлғайту, бюджеттік және төлем тәртібін қатаң сақтау бойынша жұмыс жүргізу;

- кенттің жас ұрпағына рухани және патриоттық тәрбие берудің рөлін арттыру;

- кент тұрғындарының салауатты өмір салтын және мәдени демалысын қолдау;

- халықтың әлеуметтік осал топтарын түрлі қайырымдылық акциялар түрінде қолдау.

Менің мақсатым — Шідерті кентінің тұрақты бүгіні және сенімді болашағы!

Дата публикации
06 декабря 2022
Дата обновления
06 декабря 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы