Меню

Страницы

Статья

Павлодар облысының Екібастұз қаласы Шідерті поселкесі әкімі сайлауына кандидат Мұрат Сағадатұлы Какожановтың 2023-2027 жылдарға арналған САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Құрметті кент тұрғындары!

Біздің кент ертең қандай болатыны әрқайсымызға байланысты.

Сондықтан мен сіздерді сайлау учаскелеріне келіп, маған дауыс берулеріңізге шақырамын.

Сіздің дауысыңыз – балаларымыздың, жастардың, ата-аналарымыздың бақытты және гүлденген өміріне үлес қосу!

Берекелі кент – табысты ел!

Құрметті Шідерті кенті сайлаушылары!

Мен, Мурат Сагадатович Какожанов, Новосібір облысы, Коченев ауданы, Қызыл-Ту ауылында дүниеге келдім, Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Комсомол ауылында өстім.

Менің «Электр станциялары» мамандығы бойынша жоғары білімім бар.

Еңбек жолын 1991 жылы «Екібастузуголь» Солтүстік жүк тиеу-тасымалдау басқармасының слесарі болып бастадым.

1991-1995 жылдары «Комсомольский» совхозында машина-трактор шеберханасының басшысы болып қызмет еттім.

1995-1998 жылдары «Экибастузский» совхозында бас инженер.

1999-2005 жылдары Солнечный кентіндегі «Инженерлік желілер» МКК ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу және абаттандыру бойынша шеберінен бас инженеріне дейін жұмыс істедім.

2005-2013 жылдары «Екібастұз қаласы әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ» ММ бас маманы.

2013-2019 жылдары Академик Әлкей Марғұлан атындағы ауыл әкімі.

2019 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Шідерті кентінің әкімі болып қызмет атқараып келемін.

Соңғы жылдары атқарылған істер аз емес, бірақ шешімін күткен мәселелер аз емес: көшелерді жарықтандыру желілерін дамыту, жол жөндеу, жылу және сумен қамту, кәріз жүйесін жақсарту, кентімізді көріктендіру және көгалдандыру.

Бүгін мен бұл мәселелердің шешімін табу, кентіміздің өмірін жақсартуға болатынын анық түсінемін және мұны тек сіздердің қолдауларыңызбен жасай аламын!

Мен әрқашан байланыстамын!

Инстаграмм: @muratkakoganov

Email: akimat-shiderty@yandex.kz

Мені әкім ретінде таңдасаңыздар, алдағы 4 жылда мыналарға ықпал ететін боламын:

  • Шідерті кентіндегі жолдарды орташа жөндеуден өткізу;
  • Қоқыс салатын орындарды ретке келтіре отырып, қоқыс контейнерлерін еуроконтейнерлерге ауыстыру;
  • Суармалы егіс алқаптарын көбейтуге ықпал ететін боламын;
    Мал бордақылау алаңының құрлысына үлесімді қосамын;
    Жылу желілерін күрделі жөндеу жобасын жүзеге асыруға ұмтыламын;
  • Коммуналдық меншіктегі пәтерлерді жөндеуге, одан әрі ауылдың кезекте тұрғандарға беруіне қол жеткіземін;
  • Қаржы институттары арқылы мемлекеттік қолдау шараларын кеңейтуге ықпал ететін боламын.
  • Мен кент бюджетінің шектеулі екенін түсінемін, сондықтан
  • қосымша қаржыландыру көздерін іздеймін;
  • Балаларға арналған ойын алаңдары мен шағын футбол алаңдарының санын арттыру;
  • абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізу.

Мен күш саламын:

  • кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту;
  • жас ұрпағынрухани және патриоттық тәрбиелеудің рөлін арттыруға;
  • кент тұрғындарының салауатты өмір салтын және мәдени демалысын қолдауға;
  • шаруа қожалықтарының мал басын көбейту, мал шаруашылығын дамыту;
  • мемлекеттік бағдарламалар аясында азаматтарды жұмысқа орналастыруға және оқытуға жәрдемдесу.
  • Кентте жаңа жұмыс орындарын ашу.

Мақсатым – Шідерті кентінің тұрақты бүгіні және сенімді болашағы!

Дата публикации
06 декабря 2022
Дата обновления
06 декабря 2022
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы