2022 жылдың 25 қараша күні сағат 18:00-де ұсыну кезеңі аяқталды.
Қала бойынша барлығы 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 1 (33,3%)
саяси партиямен, 2 (67,7%) - өзін-өзі ұсыну тәртібі арқылы.
Саяси партиясы Шідерті сайлау округі бойынша кандидатурасын ұсынды: «AMANAT» партиясынан 1 кандидат, НДПП «Ауыл» ХДСП- 0 кандидат, «Ақ Жол» ҚДП - 0 кандидат, «ADAL» СП - 0 кандидат, ҚХП – 0 кандидат, ЖСДП – 0 кандидат.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде, кандидаттарды тіркеу 2022 жылдың 30 қарашада сағат 18:00-де аяқталады.
2022 жылғы 26 қарашаның жағдайы бойынша округте кемінде үш адам ұсынылды.
Кандидаттар шығып қалған және балама болмаған жағдайда (сайлау округінде екіден кем кандидат), заңнамаға сәйкес ұсыну кезеңі бес күннен аспайтын мерзімге ұзартылатын болады.
Ағымдағы жылдың 26 қарашадағы жағдайы бойынша 0 кандидат тіркелді (0%).
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-та жарияланатын болады.