Меню

Страницы

Статья

АХАТ саласындағы заңнамалық жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 14 шілдесінде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.

Азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру мақсатында «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің (бұдан әрі – Кодекс) 50-ге жуық бабына өзгерістер енгізілді.

Өзгерістердің бірі – отбасын құрудағы кедергілерді жою үшін некеге тұру мерзімін оңтайландыру. Некеге тұру кезінде көптеген ерлі-зайыптылар некені тіркеу мерзімін қысқартқысы келеді. Неке қию мерзімі некеге тұруға тілек білдірушілер тіркеуші органға өтініш берген күннен бастап бір айдан он бес күнтізбелік күнге дейін қысқартылды.

Бұл бөлігінде өзгерістер ағымдағы жылдың 15 тамызынан бастап күшіне енеді.Ал бүгінде біз мерзімі он бес күнтізбелік күн құрайтын неке қию туралы өтініштерді қарастырып жатырмыз.

​Сондай-ақ, некеге отырушылардың қалауы бойынша ерекше мән-жайлар (жүктілігі, бала тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнуі және басқа да мән-жайлар) болған кездемерзімді қысқарту немесе ұлғайтумүмкіндігі туралы нормалар сақталған.

Кодексте автоматтандырылуына байланысты «Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу» сияқты қызмет түрі алынып тасталды.

Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруға байланысты өзгертуге жататын мәліметтер туу, неке қию немесе некені бұзу туралы акті жазбаларына атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы қорытынды негізінде енгізіледі. Бұрынғыдайатын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәліктер берілмейді, тіркеуші орган ауыстыруды растайтын туу, некеқию немесе некені бұзу туралы тиісті бір ғана куәлік береді.

Қайтыс болуды тіркеу тәртібі автоматтандырылған. Азаматтық хал актiлерiнiң ақпараттық жүйесiнде медициналық ұйым берген қайтыс болу туралы құжат болған кезде қайтыс болуды мемлекеттiк тiркеу автоматты түрде жүргізіледі. Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеуден кейін қайтыс болу туралы хабарламаны «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы алуға болады.

Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде пайдалану үшін қажет болған жағдайда қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы қағаз жеткізгіштегі куәлік қайтыс болған адамның жақын туыстарына, мұрагерлері аясына кіретін басқа адамдарға не қайтыс болған адам оның қамқорлығында болғаназаматтарға, сондай-ақ қайтыс болған адам тұрған немесе жазасын өтеген мемлекеттік ұйымдардың өкілдеріне беріледі.

Құжаттарды цифрландыруды атап өту аса маңызды. Енді, жаңа ережелерге сәйкес, неке қию туралы куәлік некеге отыратын адамдардың әрқайсысына неке мемлекеттік тіркелген күні неке қиылған орын бойынша электрондық нысанда берілетін болады. Сол сияқты некені бұзу туралы актілік жазба негізінде некені бұзу туралы куәлік ерлі-зайыптылардың әрқайсысына некені бұзуды мемлекеттік тіркеу орны бойынша электрондық нысанда берілетін болады.

Бұл ретте жұбайлардың қалауы бойынша куәлік қағаз жеткізгіште берілуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, порталда және егов,екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында «цифрлық құжаттар» бөлімі бар, онда қажет болған жағдайда құзыретті органдарға ұсынылуы мүмкіннеке қию/бұзу және туу туралы куәліктер көрсетілген.

Осылайша, азаматтардың мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алуға болатын құжаттарды ұсыну қажеттілігі жоқ.

Ұлты қазақ адамдардың әкесінің аты тегін ауыстырған кезде оның міндетті түрде бірінші болып тұруы, одан кейін атының жазылуы, ал әкесінің атын қалауынша жазуғарұқсат етілгені заңнамалық тұрғыда реттелді. Мысалы: Абдрахман Марат Адрахманұлы (Абдрахманов Марат Абдрахманович). Бұл ретте -ұлы, -қызы деген жұрнағы бар тегі әкесінің атын ауыстырған кезде, әкесінің аты жазылмайды (Абдрахманұлы Марат).

Аталған өзгерістер Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 30 қыркүйектегі № 820 бұйрығымен азаматтық хал актілерін тіркеу Ережелеріне тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін күшіне енді, себебі заңнамалық актіге енгізілген өзгертулерді іске асыру мақсатында азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді сәйкестендіру қажет.

Сондай-ақ, Кодекске енгізілген өзгерістер азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі функцияларды 2023 жылғы 1 шілдеден бастап жергілікті атқарушы органдардан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына беруді көздейді.

Жоғарыда көрсетілген жаңалықтардың барлығы азаматтардың уақыты мен қаржы шығындарын қысқартуға, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетупроцесін цифрландыруға бағытталған.

 

 

 

Дата публикации
22 ноября 2022
Дата обновления
22 ноября 2022
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы