Меню

Страницы

Статья

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу тәртібі

Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының аумағында кез-келген тіркеуші органда жүргізіледі.

Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу үшін негіз болып табылатындар:

1) медициналық ұйым берген қайтыс болу туралы белгіленген нысандағы құжат;

2) қайтыс болу фактісін анықтау немесе тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы соттың заңды күшіне енген шешімі.

Осыған байланысты қайтыс болған адамға қатысты қайтыс болуды міндетті медициналық куәландыру қажет, куәландыру болмаса қайтыс болу фактісі сот тәртібі бойынша  анықталады.

Қайтыс болу туралы өтінішті қайтыс болған адамдармен бірге тұрған адамдар, болмаған жағдайда көршілері, тұрғын үй-пайдалану ұйымдарының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, қайтыс болған адамды ұстау ұйымының немесе қайтыс болу орын алған ұйым әкімшілігі, немесе мәйітті тапқан ішкі істер органы береді.

Қайтыс болуды тіркегеннен кейін қайтыс болу туралы куәлік қайтыс болған адамның жақын туыстарына, оның мұрагерлері қатарына кірген тұлғаларға немесе қайтыс болған адам қамқорлығында болған азаматтарға, сондай-ақ қайтыс болған адам тұрған немесе жазасын өтеген мемлекеттік ұйымдардың әкімшілігіне  беріледі.

Басқа туыстарына қайтыс болу туралы куәлік мұрагерлік ісі бар нотариустар берген хабарлама бойынша беріледі.

Мәйіттері танылмаған және талап етілмеген адамдардың қайтыс болуы туралы куәлік қайтыс болу туралы акт жазбасына барлық қажетті мәліметті енгізгеннен кейін ғана беріледі.

Қайтыс болуды мемлекеттiк тiркеу негiздерi актілік жазбаларды мемлекеттiк тiркеуге арналған ақпараттық жүйеге электрондық нысанда келіп түсетінін атап өткен жөн.

Осыған байланысты қайтыс болуды электронды түрде тіркеуге арналған пилоттық жоба жүргізілуде. Енді қайтыс болуды АХАТ органында тіркеу үшін  қайтыс болу туралы медициналық куәлік алуға медициналық ұйымдарға, содан кейін қайтыс болуды тіркеу туралы өтініш беруге ХҚО бөлімдеріне және қайтыс болу туралы елтаңбалы бланкты алуға АХАТ органдарына барудың қажеті жоқ.

Қайтыс болу туралы медициналық куәлік медициналық қызметкерлер толтырған уақытта қайтыс болған жердегі АХАТ органдарының ақпараттық жүйелеріне автоматты түрде түседі. АХАТ бөлімінің қызметкері электронды түрде келіп түскен қайтыс болу туралы медициналық хабарлама негізінде қайтыс болу туралы актілік жазбаны тіркейді.

Сәйкесінше, марқұмның туыстары, қажет болған жағдайда, қайтыс болғанын құжаттық растау үшін бұл қызметті  «Электрондық үкімет» порталы (Egov), «отбасы» - «отбасылық жағдайы» бөлімі, «Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама» қызметі арқылы тапсырыс беріп ала алады.

Ол үшін өтініш берушіде порталға кіру үшін ЭЦҚ және қайтыс болған адамның ЖСН нөмірі болуы қажет. Қажет болған жағдайда жеке кабинетте жүктеп және  «Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы хабарламаны» басып шығара алады.

Мүдделі мемлекеттік органдар қайтыс болуды тіркеуге байланысты қызметтерді ұсынуда оңтайландырылған үдерісті пилоттық режимде жүзеге асыруда уәкілетті органдардың өзара әрекеті туралы бірлескен бұйрыққа қол қойды. Тиісті мәліметтер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арасында біріктіріледі, осыған байланысты қайтыс болуды растау үшін «қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы хабарламаны» ұсыну жеткілікті.

         Екібастұз қаласы

әкімдігінің АХАТ бөлімінің

бас маманы

 С.Абжарова

Дата публикации
04 марта 2022
Дата обновления
04 марта 2022
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы