Меню

Страницы

Статья

Құжаттарды өзектендіру

Құрметті азаматтар, кез-келген қызметтерге жүгінген кезде және ақпараттық жүйелеріңізде қағаз түріндегі құжаттармен сәйкессіздіктерді анықтаған кезде, Сіз электронды үкімет порталы арқылы өтініш бере аласыз, немесе тиісті түзетулер енгізу үшін тіркеуші органға (АХАТ органдарына) немесе әділет органдарына хабарласа аласыз.

Дербес деректердегі сәйкессіздіктер мәселелері халыққа қызмет көрсету орталықтарында құжаттау кезінде, медициналық ұйымға тіркегенде, «Электрондық үкімет» порталы арқылы тұрғын үй кезегіне қою немесе балабақшаға өтініш беру кезінде туындауы мүмкін. Біріктірілген ақпарат нотариустарда қызмет көрсету кезінде де қолжетімді. Олар деректер базасында некенің болуы немесе болмауы туралы немесе, мысалы, жақындарының қайтыс болуын тіркеу туралы ақпаратты оқи алады.

Сондай-ақ, өз деректеріңізді (балалардың тууы, неке қию/бұзу) egov порталындағы жеке кабинетте, eGov mobile, Kaspi.kz және Homebank (Halyk) мобильді қосымшаларында «Мемлекеттік қызметтер» - "Цифрлық құжаттар" бөліміндегі цифрлық құжаттар арқылы тексеруге болады.

Туындаған сұрақтарыңыз бойынша ақпаратты (87187) 760518 телефоны арқылы немесе Екібастұз қаласы, М.Әуезов көшесі, 149 («Өнер» ҚМО-ның сол жақ қанаты) мекен-жайына келіп алуға болады.

 

 

Дата публикации
15 февраля 2022
Дата обновления
15 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы