Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті қайтадан алу үшін АХАТ органдарына жүгінуге тура келетін жағдайлар өмірде жиі кездеседі.
Алайда, азаматтық жазбалардың нұсқалары толық немесе ішінара жоғалуы себепті сақталмаса немесе азаматтық хал актісінің жазбасы шетелде жасалғандықтан тиісті куәлікті немесе жазбаның үзінді көшірмесін алу мүмкін болмаған жағдайда не істеу керек?
«Екібастұз қаласы әкімдігінің азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ тұрғындарға 7 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді, соның бірі азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру.
Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 184-бабына сәйкес азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру тиісті жазбаның бұрын бар екендігін растайтын құжаттар болған кезде немесе актілік жазбаны қалпына келтіру туралы мемлекеттік тіркеудің орны мен уақыты көрсетілген сот шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Жоғалған азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіруге өтініштер өтініш берушінің қалауы бойынша Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органға беріледі.
Шетелде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының тіркеу органдарында тіркеген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері арқылы бастапқы тіркеуді (жоғалуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеу органына жібереді.
Азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру тиісті жазбаның бұрын болғандығын растайтын құжаттар болған кезде немесе мемлекеттік тіркеудің орны мен уақыты көрсетілген актілік жазбаны қалпына келтіру туралы сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.
Тарихи отанына оралған адамдарға қатысты туу туралы азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіру жеткілікті негіздер болған кезде және осы фактіні құжаттық (тіркеу жазбасының жоқтығы (жоғалуы) туралы анықтама) растау мүмкін болған жағдайда ғана немесе шкі істер органдарының аталған адамдардың Қазақстан Республикасына заңды түрде кіргендігі және олардың Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау туралы өтініштері расталған жағдайда ғана жүзеге асырылады.
Азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтіруге байланысты куәліктер берілгені үшін ҚР Салық Кодексіне сәйкес 0,5 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж алынады.
Қызмет көрсету мерзімі: 3 (үш) жұмыс күні, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған жағдайда, қарау мерзімі 15 (он бес) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауап.