Меню

Страницы

Статья

Неке одағын бұзу

Екібастұз қаласы әкімдігінің АХАТ бөлімі біздің өміріміздің сан қырларын көрсететін, отбасылық қатынастарды сипаттайтын азаматтық хал актілерін күнделіктітіркеп отырады.

Олар – баланың тууын, неке қиюды, әке болуды анықтауды және бала асырап алуды, атын ауыстыруды, некені бұзуды, қайтыс болуды тіркеу. Қазақстан Республикасы азаматының барлық өмірі осындай азаматтық хал актілерінде көрсетіледі.

АХАТ бөлімінің ең әдемі рәсімі некені тіркеу болып табылады.

Дегенмен,отбасын құра алмаған көңілсіз сәттер де болады.Ерлі-зайыптыларға олардың құқықтары түсіндіріледі, өтініш жазу ұсынылады, ал егер оларда мүлкіне қатысты даулары жоқ болса және кәмелетке толмаған балалары болмаса, араға бір ай салып некені бұзу туралы акті ресімделеді, әрқайсысына тиісті куәліктер беріледі.

Некені бұзу тәртібі «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен регламенттелген.

Неке одағының екі мүшесі де өтініш берулері тиіс. Қазіргі уақытта мемлекеттік органға бармай-ақ, онлайн жүгіну мүмкіндігі бар.Бұны http://egov.kz/электрондық үкімет порталын пайдаланып, жұзеге асыруға болады. Және де неке одағының екі мүшесінің де ажырасуға келісімі болуы және оларда кәмелетке толмаған(екеуіне ортақ)балалары болмауы керектігін еске саламыз.

Бір айдан кейін татуласуда ілгерілік жоқ болса жәнеодан әрі ажырасуға ниет білдірген жағдайдаолар өздері таңдаған АХАТ бөліміне келуге міндетті. Тараптарқай тіркеуші органда некені бұзуды өз қалауы бойынша таңдайды.

Бұл тәртіп заңмен қарастырылған, сондықтан отбасылық одақ мүшелерінің бірі талап етсе де, бір айлық кезеңді өзгерту мүмкін емес.

Ерлі-зайыптылардың біреуі әрекетке қабілетсіз немесе сотталған жағдайда, кәмелетке толмаған балаларының болуына қарамастанжұбайынан із-түзсіз айырылған жағдайда,екіншісінің өздігіненөтініш беруіне жол беріледі.Егер жоғарыда аталған шарттардың барлығы орындалса, ерлі-зайыптылар АХАТ бөлімінде некені бұза алады.

Некені сот тәртібімен бұзу келесі жағдайларда жүзеге асырылады: ерлі-зайыптыларда кәмелетке толмаған ортақ балалардың болуы; ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға келісімінің  болмауы; ерлі-зайыптылардың біреуі қарсылығы болмағанмен өз әрекеттері не әрекетсіздігі арқылы некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан жалтарса; ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік және басқа да талаптарының болуы.

Қазіргі уақытта некені бұзғандардың АХАТ органдарында ажырасуға себептері бар, бірақ ерлі-зайыптылардың біреуі белгіленген күні келе алмайтыны өзекті мәселе болып отыр.Ерлі-зайыптылар тіркеуші органға некені бұзу туралы қайта өтініш берулері керек, қайтадан бір айлық мерзім тағайындалады.Егер ерлі-зайыптылардың біреуі өтінішті қайта бергеннен кейін некені бұзуды мемлекеттік тіркеуге келе алмаса,некені бұзу екіншісі болмаған кезде оның некені бұзуға нотариалды куәландырылған келісімімен жүзеге асырылуы мүмкін.

Некені бұзу туралы актіні тіркеу үшін мемлекеттік баждың мөлшері екі айлық есептік көрсеткіш болып табылады, демек, 2022 жылы бұл сома –6126теңге.

 

 

 

              

 

Дата публикации
03 мая 2022
Дата обновления
03 мая 2022
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы