Меню

Страницы

Статья

Баланың тууын тіркеу

Баланың дүниеге келуі ең алдымен оның ата-анасы үшін қуанышты оқиға.

Сонымен қатар, бұл жауапты қадам және жаңа міндеттер мен құқықтардың туындауы.

Баланың тууын тіркеуді уақтылы жүргізудің және оның жеке басын куәландыратын алғашқы құжаты – Туу туралы куәлігін алудың қаншалықты маңызды екенін барлығымыз түсінеміз. Өйткені, осы куәлік баланың бірінші құжаты бола отырып, ең алдымен, оның Қазақстанның азаматы екенін куәландырады. Келешекте осы куәліктің негізінде ол барлық қажет құжаттарды алатын болады, түрлі құқықтық қатынастарға қатысады.

Баланың тууын қалай дұрыс және уақытылы тіркеу керек?

Тіркеу үшін баланың анасы туралы (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), сондай-ақ баланың туған күні мен жынысы, құжатты беру күні) барлық қажетті мәліметтері бар туу туралы медициналық куәлік басты негіз болып табылады. Куәлік лауазымды адамның қолымен және медициналық ұйымның мөрімен расталуы тиіс. Ол әйел босанған медициналық мекемеде беріледі.

Баланың тууын мемлекеттік тіркеу өтініш берушінің қалауы бойынша кез-келген тіркеуші органда (АХАТ бөлімі) жүргізіледі.

Тууды тіркеу кезінде баланың тегі ата-анасының тегімен (егер екеуінікі бірдей болса) анықталады. Анасы мен әкесінің тектері әр түрлі болса, баланың тегі ата-анасының келісімі бойынша қойылады.

Заңнамада өтінішті ата-анасының біреуінің беру мүмкіндігі қарастырылған, ал ата-анасы қайтыс болған, олар ауырған немесе басқа да ауыр себептер болған жағдайда өтінішті өзге мүдделі тұлғалар (әжелері, аталары, қорғаншылары және т.б.) бере алады.

Сондай-ақ, баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті анасы босанған медициналық мекеменің әкімшілігі бере алады.

Баланың тууын тіркеу туралы өтінішті «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығы бөлімшелерінде,  eGov - «Электрондық үкімет» порталында немесе «Telegram», «eGov mobile»  мобильдік қосымшаларында онлайн-өтініш арқылы беруге болады. Сондай-ақ, аналар смс - хабарлама арқылы өтініш бере алады. Бала туғаннан кейінгі алғашқы күндерде 1414 байланыс орталығынан өтініш беру процедурасын өту ұсынысы бар өтініш беру туралы хабарлама келеді.

Әке болуды анықтау бір уақытта болса,  бірлескен тууды тіркеу туралы өтініш тікелей тіркеуші органға беріледі.

Онлайн-өтініш беру үшін порталдың өзінде тіркелу қажет, содан кейін ерлі-зайыптылардың ЖСН-ін енгізіп, онлайн-өтінішті өтініш берушінің электрондық сандық қолтаңбасымен немесе бір реттік құпиясөз арқылы растау жеткілікті.

Электрондық өтінішке жауап өтініш берушінің жеке кабинетіне жолданады, онда балаға ЖСН беру туралы және туу туралы куәлікті алу үшін тіркеуші органға баратын уақыт туралы ақпарат көрсетіледі.

Тіркеу кезінде Сіздің сәбиіңізге Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) берілетінін айта кету керек.

Баланың туу туралы куәлігін уақытылы ала отырып, оның жәрдемақы, жеңілдіктер алу, білім алу, медициналық көмек және Сіздің балаңыздың даму және өсу процестеріне қажет болатын тағы да басқа мүмкіншіліктерді алу құқықтарын жүзеге асыру құқығы пайда болатынын түсіну маңызды.

Олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақстан Республикасы мемлекеттік билік органдары қызметінің басымды бағыттарының бірі болып табылады. Өйткені балалар – біздің болашағымыз, біздің басты қуанышымыз.

Екібастұз қаласы әкімдігінің АХАТ бөлімі

 

Дата публикации
04 июля 2022
Дата обновления
04 июля 2022
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы