1949 жылдан бастап 1990 жылдар аралығындағы кезеңде Семей ядролық сынақ полигонының аумағында тұрған азаматтарға «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, оларға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру» біржолғы ақшалай өтемақыны және жеңілдіктерге құқықты растайтын куәлік алу мүмкіндігімен мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы тек бір рет кестеге сәйкес төленеді.
1949 жылдан бастап 1990 жылға дейінгі кезеңдерде Семей сынақ полигоны аумағында тұру фактісі мен кезеңін растайтын құжаттар келесі:
мұрағат анықтамалары, ауылдық, кенттік халық депутаттары кеңестерінің, тұрғын үйді пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімдерінің, пәтер иелері кооперативтерінің анықтамалары; еңбек кітапшасы; оқу орнын бітіргені туралы диплом; әскери билет; туу туралы куәлік, негізгі орта білім туралы аттестат туралы куәлік, неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік (азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік) не некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (тегі өзгерген кезде).
Қазақстан Республикасының «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңында белгіленген тәртіппен бұрын берілген куәлік.
Егер Семей сынақ полигоны аумағында тұру фактісі мен кезеңін растайтын құжаттар сақталмаса, онда ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақта тұрудың заңды фактісі мен кезеңін белгілеу туралы сот шешімі ұсынылады.
Толық ақпаратты Екібастұз қаласы, Энергетиктер көшесі 62 мекенжайындағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ 421, 422 кабинеттерден алуға болады, байланыс телефондары 34-72-81, 34-72-87.