Меню

Страницы

Статья

Жылыту пешін салу және пайдалану шараларының өрт қауіпсіздік ережелері

Қысқы жылыту маусымында, жеке тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесі өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажет:

Жылыту пешін ақаулыққа тағы бір рет тексеру керек.

Ақаулыққа не жатады?

Бұл:

- тұрғын үйдің жанғыш конструкцияларынан ара қашықтықты немесе шегінісін сақтамау;

- 0,5 х 0,7 м темір қаңылтырдың болмауы немесе зақымды түрде пайдалану (ағаш немесе басқа да жанғыш материалдан жасалған еденнің үстінде);

- мұржамен пештерді күйеден тазаламау (жылыту мерзімі аралығында мұржаны үш айда бір рет тазалау керек);

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Сонымен қатар жылыту пешті қолдану кезінде келесі іс-шараларға тыйым салынады:

- жылыту пешті қараусыз қалдыру, және де пешті кішкентай балалардың қарауына қалдыруға;

- жанармайды және басқа да жанғыш заттарды пештің алдында сақтауға;

- пешті жандыру үшін бензин, керосин, дизельді отынды жәнеде басқа да тез жанғаш заттарды қолдануға;

- пешті қатты қыздыруға,

- пештен алынған күл сумен құйылып арнайы қауіпсіз жерге жиналу керек;

- шатыр астындағы барлық түтін құбырлары мен қыбрғалары әктелу керек,

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Құрметті Екібастұз қаласының тұрғындары мен қонақтары, Төтенше жағдайлар басқармасы өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды, ережелерді сақтау барысында өрттің алдын алуға үлкен үлесіңізді қосасыз.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Қатты отын пеші бұл тек жылудың ғана көзі емес, бұл өрт қаупінің көзі болып табылады.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Немқұрайлы көзқарас жағымсыз салдарға әкеліп соғуына үлес қосады.

 

 

Дата публикации
18 ноября 2022
Дата обновления
18 ноября 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Бейнероликтер
21 октября 2026
Аудиороликтер
20 октября 2026
2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Павлодар облыстық және Екібастұз қалалық мәслихаттары депуттарының сайлауы бойынша Екібастұз қаласы сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы