Пештер, қолдан жасалған жылыту электр аспаптары, саяжайларда, жылыту трассаларында, жертөлелерде, нақты тұрғылықты орны жоқ адамдардың жиналу орындарында, басқа да орындарда от жағу өрттің шығуына себеп болады.
Пештер тек жылу көзі ғана емес, сондай-ақ өрттің туу мүмкіндігі екенін де есте сақтау керек. Көбінде пештерді қараусыз қалдырғанда қауіп көп төнеді. Пәтер жалдаушылар мен үй иелерінің сақтық шаралары туралы ұмытып кетуі алаңдатады.
Біріншіден, жанудың себебі пештерді орнату қағидасын бұзудан болуы мүмкін. Бұл түтін құбырларының өту орындарын жеткіліксіз бөлу, пеш және қабырға арасында бос орындардың аз болуы.
Бұған қосымша пеш алдында отқа төзімді темір табанның болмауын жатқызуға болады, осының салдарынан түскен көмірден еден тұтанады.
Тағы бір зардап – бұл пештерді пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидасын бұзу, кейде жылыту аспаптары толық жарамды болған кезде де қиын жағдайлар туындайды.
Пешті бензин, керосин немесе басқа да тез тұтанатын сұйықтармен жағу кезінде және ұзындығы пештің өлшемінен асатын ағаш отынды пайдаланғанда, сондай-ақ пешті шамадан тыс қыздыру өртпен аяқталады.
Пешті шамадан тыс қыздыру жиі қателіктерге ұрындырады. Пештің үстіңгі жағы жылу екпінінен аса тиісті температураға дейін қызады.
От жағу аяқталғаннан кейін, бірнеше уақыт өткен соң кірпіштің сыртқы және ішкі беттерінде температура бірдей бола бастайды, бұл пештің шамадан тыс қызуына әкеп соғады. Осыны болдырмау үшін, жанатын отынның көлемін қатаң қадағалау қажет.
Көп уақыт жанбаған суық пешті жұмыс температурасына баяу жағып келтіру қажет. Ол үшін отынды жағар алдында аз салу керек.