Бұқаралық ақпарат құралдарына, онлайн-платформаларды пайдаланушыларға Екібастұз қаласы Солнечный поселкесінің және Теміржол ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарға эфир уақыты мен баспа алаңын беру туралы

Бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар 2026 жылғы 21 сәуірден (сайлау алдындағы үгітті жүргізу басталардан кемінде бес күн бұрын) кешіктірмей Екібастұз қаласы Солнечный поселкесінің және Теміржол ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін эфир мен баспа алаңын («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағы) беру мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялауға Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясына ұсынуға тиіс (эл.пошта:tic_pav_ekb@saylau.kz, мекенжайы: Екібастұз қаласы, М.Жүсіп көшесі, 48/2).

Бұқаралық ақпарат құралдарына, онлайн-платформаларды пайдаланушыларға Екібастұз қаласы Солнечный поселкесінің және Теміржол ауылдық округінің әкімі болуға кандидаттарға эфир уақыты мен баспа алаңын беру туралы
Дата публикации
14 апреля 2026