Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 78-тармағына сәйкес Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Екібастұз қаласы мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 308/39 «Екібастұз қаласын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған жоспары туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
Екібастұз қаласын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған жоспары осы шешімге берілген қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.