Павлодар облысы Екібастұз қаласының поселкесі мен ауылдық округінің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21–бабының 4-тармағына, 22-бабының 2 тармағына сәйкес, Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 8 сәуірдегі № 49 қаулысымен, Екібастұз қаласының поселкесі мен ауылдық округінің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтері құрылды:
1) Солнечный поселкесінің әкімін сайлау бойынша – Солнечный поселкесінің шекараларында;
2) Теміржол ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша - Теміржол ауылдық округінің шекараларында.
Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы