Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңы 28-бабының 4, 6-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 31-бабының 2-тармағына, Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 15 маусымдағы №7 және Павлодар облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 маусымдағы № 127 «Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне, Павлодар облысы әкімдігінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 1 және Павлодар облыстық мәслихатының 2018 жылғы 31 қаңтардағы «Павлодар облысы Павлодар, Екібастұз қалаларының кейбір көшелерін қайта атау туралы» № 209/20 бірлескен қаулысы мен шешіміне, Павлодар облысы Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 20 ақпандағы «Екібастұз қаласы Қоянды ауылдық округінің Қоянды және Құрылысшы ауылдарында көшелерді қайта атау туралы» № 1 шешіміне, Павлодар облысы Екібастұз қаласы Шідерті поселкесі әкімі міндетін атқарушының 2018 жылғы 8 ақпандағы «Екібастұз қаласы Шідерті поселкесінің көшелері мен тұйық көшесін қайта атау туралы» № 1-03/2 шешіміне, Павлодар облысы Екібастұз қаласы Солнечный поселкесі әкімі міндетін атқарушының 2018 жылғы 15 ақпандағы «Екібастұз қаласы Солнечный поселкесінің кейбір көшелерін және өтпе жолдарын қайта атау туралы» № 1-03/2 шешіміне, Павлодар облысы Екібастұз қаласы академик Әлкей Марғұлан атындағы селосы әкімі міндетін атқарушының 2018 жылғы 16 ақпандағы «Екібастұз қаласы академик Әлкей Марғұлан атындағы селоның көшелерін қайта атау туралы» № 1 шешіміне, Павлодар облысы Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округі әкімі міндетін атқарушының 2018 жылғы 26 ақпандағы «Екібастұз қаласы Төрт-Құдық ауылдық округі Төрт-Құдық ауылының көшесін қайта атау туралы» № 1 шешіміне сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 22 қарашадағы «Сайлаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайлар және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы» № 1115/10 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12-3-306 болып тіркелген, 2011 жылғы 01 желтоқсанда «Отарқа» және «Голос Экибастуза» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
қаулыға 1, 2- қосымшалар осы қаулының 1, 2- қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.