Екібастұз қаласы әкімінің «Екібастұз қаласы әкімінің 2025 жылғы 23 маусымдағы «Екібастұз қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» № 7 шешімінің күшін жою туралы»» шешім жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссияның 2025 жылғы 19 маусымдағы кезектен тыс отырысының №2-06/15 хаттамасы негізінде, 2025 жылғы 19 маусымда орын алған метеорологиялық құбылысқа байланысты Екібастұз қаласы әкімінің 2025 жылғы 23 маусымдағы № 7 шешімімен Екібастұз қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі қалалық комиссияның 2025 жылғы 22 желтоқсандағы кезекті отырысының №11 хаттамасы негізінде бөлінген қаражат шеңберінде шатырларды қалпына келтіру жөніндегі жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты, Екібастұз қаласы әкімінің 2025 жылғы 23 маусымдағы № 7 шешімінің күші жойылады.

Екібастұз қаласы әкімінің «Екібастұз қаласы әкімінің 2025 жылғы 23 маусымдағы «Екібастұз қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» № 7 шешімінің күшін жою туралы»» шешім жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Дата публикации
09 февраля 2026