Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 70-тармағына сәйкес
Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Екібастұз қаласын дамытудың 2026 - 2030 жылдарга арналған жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі жыл сайын Екібастұз қалалық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына Жоспарды жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.