«Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыруы

«Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыруы

«Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ «Б» корпусының бос және уақытша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурстық комиссия құрамына енгізу үшін келесі бағыттар бойынша бағалаушыларды іріктеуді жүргізеді:
- Экономика, қаржы және бюджеттік жоспарлау;
- Материалдық-шаруашылық қамтамасыз ету, сатып алу;
- Мәдениет, өнер, тілдерді дамыту;
- Еңбек қатынастары және әлеуметтік қамсыздандыру;
- Құқық;
- Құрылыс, сәулет және жер қатынастары;
Бағалаушылар бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар болуы, немесе персоналды басқару жөніндегі мамандары мен басқа да мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері болуы қажет.
Бағалаушы ретінде қатысуға ниет білдірген адамдар eqyzmet.gov.kz интернет-порталында тіркелуі және sup.ae@pavlodar.gov.kz электрондық поштасына еңбек жолын растайтын құжаттарды жолдауы қажет.

Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімдер:

а.ж. шілденің 31-нен тамыздың 6-на дейін

 

 

«Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыруы
Дата публикации
31 июля 2025