Осы жоба Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңы 23-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 33-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
Қала әкімінің шешіміне өзгерістер енгізу қажеттігі сайлау учаскелері шекараларының өзгеруіне байланысты туындап отыр. Шешім жобасын іске асыру үшін жергілікті бюджеттен қаржылық шығындар талап етілмейді және әлеуметтік-экономикалық және /немесе құқықтық салдары болмайды.
Шешім жобасы «Электрондық Үкімет» порталының ашық НҚА бөліміне орналастырылды.