Сарықамыс ауылдық округінің әкімі болуға кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабының 11-тармағы 8) тармақшасына сәйкес, «Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Екібастұз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-нің жауабы негізінде 2025 жылғы 17 маусымда Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Сарықамыс ауылдық округінің әкімі болуға кандидат А.Т. Булекбаеваны тіркеу туралы шешімнің күшін жойды.
Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы