Осы жоба Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 529 - бабының 6 - тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес әзірленген.
Осы жобаны қабылдау жергілікті бюджеттен қаржылық шығындарды қажет етпейді және әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдары болмайды.
Қаулы жобасы «Электрондық Үкімет» порталының ашық НҚА https://legalacts.egov.kz. бөліміне орналастырылды.