Павлодар облысы Екібастұз қаласы Ақкөл, Бәйет, Сарықамыс, Теміржол ауылдық округтерінің және Шиқылдақ ауылының әкімдері болуға кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы
2025 жылғы 3 маусымда сағат 18.00-де Екібастұз қаласы Ақкөл, Бәйет, Сарықамыс, Теміржол ауылдық округтерінің және Шиқылдақ ауылының әкімдері болуға кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.
Ақкөл ауылдық округі бойынша:
Барлығы 4 кандидат ұсынылды, оның ішінде 1 (25 %) – саяси партиясымен, 3 (75 %) - өзін-өзі ұсынды.
Орташа бәсекелестік - 4 адам.
Бәйет ауылдық округі бойынша:
Барлығы 4 кандидат ұсынылды, оның ішінде 1 (25 %) – саяси партиясымен, 3 (75 %) - өзін-өзі ұсынды.
Орташа бәсекелестік - 4 адам.
Сарықамыс ауылдық округі бойынша:
Барлығы 5 кандидат ұсынылды, барлығы - өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Орташа бәсекелестік - 5 адам.
Теміржол ауылдық округі бойынша:
Барлығы 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 1 (33,3 %) – саяси партиясымен, 2 (66,7 %) - өзін-өзі ұсынды.
Орташа бәсекелестік - 3 адам.
Шиқылдақ ауылы бойынша:
Барлығы 3 кандидат ұсынылды, оның ішінде 1 (33,3 %) – саяси партиясымен, 2 (66,7 %) - өзін-өзі ұсынды.
Орташа бәсекелестік - 3 адам.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу 2025 жылғы 8 маусымда сағат 18.00-де аяқталады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы