Бұқаралық ақпарат құралдарына, онлайн-платформаларды пайдаланушыларға Екібастұз қаласы Ақкөл, Бәйет, Сарықамыс, Теміржол ауылдық округтері және Шиқылдақ ауылы әкімдігіне кандидаттарға эфир уақыты мен баспа алаңын беру туралы

Бұқаралық ақпарат құралдарына, онлайн-платформаларды пайдаланушыларға Екібастұз қаласы Ақкөл, Бәйет, Сарықамыс, Теміржол ауылдық округтері және Шиқылдақ ауылы әкімдігіне кандидаттарға эфир уақыты мен баспа алаңын беру туралы

 

Бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар 2025 жылғы 3 маусымнан (сайлау алдындағы үгітті жүргізу басталардан кемінде бес күн бұрын) кешіктірмей Екібастұз қаласы Ақкөл, Бәйет, Сарықамыс, Теміржол ауылдық округтері және Шиқылдақ ауылы әкімдігіне кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін эфир мен баспа алаңын («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағы) беру мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялауға Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясына ұсынуға тиіс (эл.пошта tic_pav_ekb@saylau.kz, мекенжайы: Екібастұз қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 48/2,  «Екібастұз қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ғимараты).

 Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 112-бабының 5-бөлігіне сәйкес сайлауға қатысатын кандидаттардың үгіт материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау немесе эфир алаңын беру шарттары мен тәртібі бойынша сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған және жарияламаған, сондай-ақ Екібастұз қалалық сайлау комиссиясына төлем мөлшері туралы мәліметтерді ұсынбаған, – лауазымды адамдарға-отыз, заңды тұлғаларға-елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
04 июня 2025