Павлодар облысы Екібастұз қаласының ауыл және ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабының 2-тармағына сәйкес, Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 21 мамырдағы № 30 қаулысымен Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы Екібастұз қаласының ауыл және ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құрды:
1) Ақкөл ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша - Ақкөл ауылдық округінің шекараларында;
2) Бәйет ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша - Бәйет ауылдық округінің шекараларында;
3) Сарықамыс ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша - Сарықамыс ауылдық округінің шекараларында;
4) Теміржол ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша - Теміржол ауылдық округінің шекараларында;
5) Шиқылдақ ауылының әкімін сайлау бойынша - Шиқылдақ ауылының шекараларында.
Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері: Екібастұз қ., Мәшһүр Жүсіп көш., 48/2, тел.: 34-01-27.
Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы