«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Екібастұз қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 03.05.2025 - 13.05.2025
Қабылдау 1 этап: 14.05.2025- 16.05.2025
Қабылдау 2 этап: 20.05.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 21.05.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 24.05.2025
Сұхбат: 28.05.2025
Анықтама телефоны: 8/7187/340856
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
«Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және абаттандыру секторының бас маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
«Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру», «Қалаға кіре берістегі стеланы ағымдағы жөндеу", «Аялдамаларды ағымдағы жөндеу», «Қоғамдық көлік аялдамаларын дайындау», «Шағын нысандарды ағымдағы жөндеу»,
«Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету»бюджеттік бағдарламалары бойынша өткізілген конкурстардың шарттарына сәйкес мердігер ұйымдардың жұмыстарды орындауына бақылауды жүзеге асыру, «Жол қозғалысын реттеу жабдықтары мен құралдарын пайдалану», «Қаланың көше–жол желісін күтіп ұстау», «Аудандық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстау және жөндеу», «Жол өтпелерін күтіп ұстау», «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру»; «Елді мекендерде санитарияны қамтамасыз ету»; «Төсемтастардан жаяу жүргіншілер жолдарын салу және және жөндеу», «Қалалық сағаттарды күтіп-ұстау»,
«Мәңгілік отты күтіп-ұстау», «Субұрқақты күтіп-ұстау», «Субұрқақты күтіп- ұстау», «Мерекелік іс-шараларды өткізуге дайындық». Ақау актілерін жасау. Орындалған жұмыстар актілеріне қол қою құқығымен орындалған жұмыстардың көлемі мен сапасын қабылдау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша қала әкімінің және жоғары тұрған органдардың шешімдерінің, өкімдерінің, әкімдік қаулыларының орындалуы туралы ақпараттар мен есептердің анықтамаларын дайындау. Қаланы абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын ұйымдастыру. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарау кезінде заңнама нормаларын сақтау жөніндегі жұмыс.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, автоматтандыру және басқару, агрономия, топырақтану және агрохимия, сәулет, құрылыс, сурет өнері, мүсін өнері, дизайн, экология, материалтану және жаңа материалдар технологиясы, жылу энергетикасы, технологиялық машиналар мен жабдықтар (сала бойынша), қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, стандарттау және сертификаттау, су қорлары және суды пайдалану, аграрлық техника және технология, орман ресурстары және орман шаруашылығы, мелиорациялау, топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және қоргау, көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру, өсімдік қорғау және карантин, инженерлік жүйелер мен желілер, көлік, көлік техника және технологиялары, электр энергетикасы
жұмыс өтілі талап етілмейді.
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.