«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Екібастұз қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 08.04.2025 - 14.04.2025
Қабылдау 1 этап: 15.04.2025- 17.04.2025
Қабылдау 2 этап: 21.04.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 22.04.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 25.04.2025
Сұхбат: 30.04.2025
Анықтама телефоны: 8/7187/340856
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
«Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ еңбек нарығына мониторинг жүргізу және тұрғын үйді есепке алу секторының бас маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Осы сектордың мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және олардың іске асырылуын қамтамасыз ету. Тұрғын үй есебін жүргізу. Тұрғын үйді жекешелендіру бойынша жұмыс жүргізу. Тұрғын үй жалдау бойынша белгіленген тарифті төлеуді бақылау. Бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы сотта бөлімнің функцияларына байланысты істер бойынша талапкер (өтініш беруші), жауапкер, үшінші тұлға, куәгер ретінде мемлекеттік мекеменің мүдделерін қорғауды жүзеге асыру. Талап - арыздарды (өзге де арыздарды) дайындау. Сот және құқық қорғау органдарына құжаттар мен материалдарды дайындау Бөлім басшысының, бөлім басшысы орынбасарының және бөлімнің осы секторы меңгерушісінің тапсырмаларын орындау. Сектор құжаттарын уақтылы өңдеу және оларды бөлімнің мұрағатына тапсыру. Өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамамен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім; менеджмент, халықаралық құқық, психология, құқықтану, педагогика және психология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, әлеуметтану, маркетинг, әлемдік экономика, қоғамдық байланыс, әлеуметтік жұмыс, мемлекеттік аудит, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару
жұмыс өтілі талап етілмейді.
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.