«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Екібастұз қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 21.03.2025 - 01.04.2025
Қабылдау 1 этап: 02.04.2025- 04.04.2025
Қабылдау 2 этап: 08.04.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 09.04.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 12.04.2025
Сұхбат: 16.04.2025
Анықтама телефоны: 8/7187/340856
E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210086
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
«Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің аппараты» ММ жұмылдыру жұмысы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы, E-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Жұмылдыру жоспарын оған кезеңдік өзгерістер енгізе отырып әзірлеу; әскери уақытта және жұмылдыру кезеңінде әскери міндеттілерді, сонымен қатар қала әкіміне бағынышты ұйымдар мен жергілікті атқарушы органдардың білікті қызметшілерін және жұмыскерлерін, мамандарын, басшыларын брондау, жұмылдыру кезеңінде әскерге ресурстар жеткізу; жұмылдыру дайындығы жөніндегі іс-шараның бейбіт уақытта өтуіне бақылауды ұйымдастыру және үйлестіру; Таратылуы шектеулі іс қағаздарын жүргізу. Тұрғындарды, шаруашылық объектілерін және аумақты авариялардан, апаттардан және зілзаладан қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, азаматтық қорғанысты іске асыруға қатысу, Екібастұз өңірінің аумағындағы табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жою және алдын алу.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді; екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.: құқық және экономика негіздері, менеджмент, география, алғашқы әскери дайындық, экология, құқық, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, география және тарих, әскери іс, ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық қауіпсіздік
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді; екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.