Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңы 12-бабының 1) және 14) тармақшаларына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы» № 439 Жарлығы негізінде, Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалған партиялық тізім бойынша Екібастұз қаласы мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарына жариялансын.