«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Екібастұз қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 26.02.2025 - 04.03.2025
Қабылдау 1 этап: 05.03.2025- 07.03.2025
Қабылдау 2 этап: 12.03.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 13.03.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 16.03.2025
Сұхбат: 19.03.2025
Анықтама телефоны: 8/7187/340856
E-G-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210086
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
«Екібастұз қаласы Шиқылдық ауылы әкімінің аппараты» ММ бас маманы, E-G-3 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізу, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастыру, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіру. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыссыздарды есепке алу. Қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру. Өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастыру және су пайдалану мәселелерiн реттеу. Төтенше жағдайлар бойынша жұмысты жүргізу және ұйымдастыру. Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру. Халық арасында ақпараттық- насихат жұмысын жүргізу, қоғамдық пікірді зерделеу.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: жеміс-көкөніс шаруашылығы, агрономия, топырақтану және агрохимия, аңшылықтану және аң шаруашылығы, балық шаруашылығы және өнеркәсіп балық аулау, су қорлары және суды пайдалану, аграрлық техника және технология, орман ресурстары және орман шаруашылығы, мелиорациялау, топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және қоргау, ауыл шаруашылығыны электроқамсыздандыру, өсімдік қорғау және карантин, жерге орналастыру, ветеринария, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы, педагогикалық ғылымдар, өнер және гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат, бизнес, басқару және құқық, жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, денсаулық сақтау, қызмет көрсету, ұлттық қауіпсіздік және әскери іс
жұмыс өтілі талап етілмейді.
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.