«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Екібастұз қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 19.02.2025 - 25.02.2025
Қабылдау 1 этап: 26.02.2025- 28.02.2025
Қабылдау 2 этап: 04.03.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 05.03.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 08.03.2025
Сұхбат: 13.03.2025
Анықтама телефоны: 8/7187/340856
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
«Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы, E-R- 4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
«Жастар» қалалық кешенді бағдарлама арқылы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелері. Қоғамдық жастар бірлестіктерімен өзара іс- қимыл. Жастар ісі жөніндегі қалалық Кеңес, қаланың оқу орындарында және кәсіпорындарында жастар Кеңесі жұмысын ұйымдастыру.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іс-шараларын өткізуді бақылау.Студент жастары еңбек жасақтары жұмысын ұйымдастыру. Жастар іс- шараларын өткізуді ұйымдастыру және бақылау.
Өз бағыты бойынша құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру. Өңірдегі жастар ахуалы мониторингі және талдауы. Ведомстваға қарасты мекемелер қызметін бақылау.
Бұқаралық ақпарат құралдарында және баспасөзде жарияланған материалдар, шығарылымдар және бағдарламалар талдауы, БАҚ өзара әрекеттесу, мониторингі. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі
«Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі істі қарау;
Мемлекеттік органдарда, сотта «Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүддесін ұсыну.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі
немесе техникалық және кәсіптік білім: құқық және экономика негіздері, менеджмент, журналистика, халықаралық құқық, құқықтану, маркетинг, әлемдік экономика, қоғамдық байланыс, экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару, гуманитарлықғылымдар, гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау, тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау, тілдер және әдебиет, әлеуметтік ғылымдар, заңгер
жұмыс өтілі талап етілмейді.
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.