«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Екібастұз қаласы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 14.02.2025 - 20.02.2025
Қабылдау 1 этап: 21.02.2025- 25.02.2025
Қабылдау 2 этап: 27.02.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 28.02.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 05.03.2025
Сұхбат: 11.03.2025
Анықтама телефоны: 8/7187/340856
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
«Екібастұз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ жерге орналастыру секторының бас маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің талаптарын іске асыру бойынша жұмысты қамтамасыз ету және жүргізу; жеке және заңды тұлғалардың жер учаскелеріне құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеу мәселелерінде Қазақстан Республикасы Жер заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету; жер учаскелерін беруге байланысты мәселелерді қарау жөніндегі комиссияға материалдар дайындау; жер учаскелерін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын ұйымдастыру және жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру; қаулылар жобаларын ұйымдастыру және дайындау; жер учаскелерін резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды ұйымдастыру және дайындау; жер учаскелерін қайта тіркеуді, құжаттарды қайта ресімдеуді қамтамасыз ету; құқық белгілейтін құжаттарды есепке алу және беру; Жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын келісу; өз құзыретіндегі мәселелер бойынша жылдық есептілікті ұйымдастыру және жасау; барлық органдарда, мекемелер мен ұйымдарда, сондай-ақ азаматтық құқықтық қатынастардан туындайтын барлық; елді мекендер аумақтарының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу; жер қатынастары мәселелеріне жетекшілік ету; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау; жерге орналастырудың, жер пайдаланудың барлық мәселелері бойынша консультациялар беру.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: агрономия, құқықтану, стандарттау және сертификаттау, мелиорациялау, топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және қоргау, кадастр, геодезия және картография, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаларды басқару, жерге орналастыру, заңгер
жұмыс өтілі талап етілмейді.
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.