«Екібастұз қаласының ұйымдарында пробация қызметі есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2021 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» Екібастұз қаласы әкімдігінің қаулысына баспасөз релизі

Екібастұз қаласы әкімдігінің «Екібастұз қаласының ұйымдарында пробация қызметі есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2021 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 7) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 412 бұйрығына сәйкес әзірленген.

Аталған жобаны қабылдаудың мақсаты Екібастұз қаласының ұйымдарында пробация қызметі есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу болып табылады.

Қаулыны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.

Қаулы жобасы «Электрондық Үкімет» порталының ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.

Сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=5224804

 

Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты

жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер

бөлімі ММ басшысының орынбасары               Ү. Айтбаева

Дата публикации
22 октября 2020